-Сәлеметсіз бе, қарындас, жағдайыңыз қалай? - Қалай болса, солай... - Ауылыңыз қайда? - Жерде. - Жұмысыңыз?... - Аспанда. - Қалай? - Ұшақта стюардессамын. - Оған дейін не істедіңіз? - Кеше көртөшке қуырдым... - Сізге қарным ашты. Дұрыс жауап берсеңіз қайтеді? - Қарныңыз ашса, қаймақ жалаңыз! - Рахмет, тойдым. - Тоймасаңыз, тоныңызды пісіріп жеңіз! - Масқара... - Мас адамға қарамаймын... - Қасқыр қарындас екенсіз... - Қоян қарындас болғым келмейді! - Тіл мен жаққа сүйеніп болар емессіз ғой! - Немене, сүйкімсіз сізге сүйенуім керек пе? - Жоға, сіз маған ұнап барасыз... құмырысқа беліңіз әсем екен... - Е, сиырдың белі деп ойладыңыз ба? - Сіздей сұлуды тапқан анаңыздан айналайын! - Шешемді айналып жүретіндей, бақсы емес шығарсыз? - Кешіріңіз, жігітпен жүресіз бе? - Немене, жүрмегенде, еңбектеуім керек пе? - Басыңыз бос па дегенім ғой... - Бос болса, ботқа салып қоясыз ба? - Туу, тақылдап тұрсыз ғой... - Немене, ыңқылдап тұруым керек пе? - Жарайды, енді... - Мені "жарамайды" деп кім айтты? - Шамасы, тіліңіз қышып тұр -ау? - Қышыса, қасып берейін деп пе едіңіз? - Миым ашып кетті... - Ашыса, тұз себіңіз! - Сәл жібісеңізші... - Жібісем, жеп қоясыз ба? - Айтпақшы, атыңыз кім? - Атым жоқ, бием бар. - Әжеңіз сізді кім деп атайды? Таныса отырайық... - Ботақаным дейді. - Шешеңіз... - Әкесінің қызы деп еркелетеді. - Әкеңіз... - Шешесінің қызы дейді. - Көршіңіз? - Көршінің қызы дейді. - Сізбен танысу қиын екен. - Ия, Ұлттық Бірыңғай Тест сияқты қиынмын... - Кешіріңіз, сүйікті тамағыңыз... - Быламық. - Маған тұрмысқа шықсаңыз, күнде ет жейсіз... мойныма отырғызып бағар едім... - Мойынға отырып, тамақ ішіп көрмеппін... - Үлде мен бүлдеге орайтын едім... - Орайтындай, бесіктегі бала емеспін. - Қарындас, сізге француз духиін сыйлағым келеді... - Маған қазақ жігітінің иісі француз духиінен артық! Жігіт болсаңыз, мені қуып жетіңіз! - Ойбай, не дейді? Менде қандай иіс бар еді? Темекінің иісі, шетел шараптарының иісі... доллардың иісі... О, махаббат иісі бар екен ғой! Қой, сас ып кетпей тұрғанымда, қуып жетейін!

Теги других блогов: казахский язык комедия разговор